Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді – Білім министрі

Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді – Білім министрі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Педагог мәртебесі арттыру арқылы мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшеймек. Сондықтан заң жобасына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растайтын болады. Сонымен қатар, қолданыстағы шектеулерден басқа психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарды педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, мұнан бөлек қосымша заң жобасында жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша коммерциялық емес ұйымдарды енгізу, Президенттің құзіреттілігінен ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке беру және басқа да шаралар көзделді.


Новости партнеров