«Хайп қуғандар ғой»: Сағынтаев Алматының экс-әкімінің істегенін бұзып жатыр деген сөзге жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде кейбір қолданушылардың әкімшіліктің кейбір шешімдеріне тіпті басқаша сипаттама беріп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әкім дәл қазір ел арасында желдей есіп жүрген «Тимирязев көшесіндегі БРТ-ны алып тастайды екен», «Панфилов көшесінің концепциясын қайта қарайды екен», «қоғамдық көліктерге арналған жолақтарды жояды екен» деген сөздерге қатысты пікір білдірді.
«Маған тіпті кей журналистер арнайы келіп, кейбірі әлеуметтік желіде осы нәрселерге қатысты сұрақ қояды. Мен мұның барлығының бос сөз екенін айтқым келеді. Ешкім еш нәрсені қырып-жойып, тыйым салғалы жатқан жоқ. Мұндай сөзді шығарушылар жай ғана хайп жасауды көздейді», - деді мегаполис әкімі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32