|
01.12.2023 | 16:06
669

Алматыда Нұржамал Оралбайқызы атындағы дәрісхана ашылды

Іс-шара аясында республикалық деңгейде дөңгелек үстел өтті

Алматыда Нұржамал Оралбайқызы атындағы дәрісхана ашылды Almaty.tv

Алматыда филология ғылымдарының докторы, академик Нұржамал Оралбайқызының 95 жылдығына орай профессордың есіміне берілген дәрісхана ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында республикалық деңгейде дөңгелек үстел өтті. Көрнекті ғалымның құрметіне ұйымдастырылған басқосуға Ұлттық ғылым академиясының академиктері, профессорлар қатысып, баяндама жасады. Игі іс-шараның өтуіне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Тіл ғылымы зерттеуін үйлестіру орталығы мұрындық болды.

– Ғалымды, ғылымды бағалауды Абай атындағы университет көрсетіп отыр. Бүгінгі кездесу филология ғылымдарының докторы Нұржамал Оралбаеваға арналып отыр, – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Салқынбай.

Нұржамал Оралбайқызы Ұлттық педагогикалық университетте проректор, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып, өмірінің соңына дейін профессор қызметін атқарған. Сондай-ақ еңбек сіңірген ғылым қайраткері – 300-ден астам ғылыми мақала, 20-ға жуық оқулық пен монографиялық еңбектің авторы.

Оқи отырыңыз: Кітапханаға кітап сыйла: Алматыда Әлібек Асқаровпен кездесу өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир