|
01.12.2023 | 13:45
499

Кітапханаға кітап сыйла: Алматыда Әлібек Асқаровпен кездесу өтті

Жиынға көрнекті ақын, ғалым, журналистер мен қоғам қайраткерлері де қатысты

Кітапханаға кітап сыйла: Алматыда Әлібек Асқаровпен кездесу өтті Almaty.tv

Алматыда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаровпен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһардағы Қазақстан жазушылар кітапханасындағы жиынға көрнекті ақын, ғалым, журналистер мен қоғам қайраткерлері де қатысып, ой-пікірін ортаға салды. Қаламы қарымды қаламгер іс-шара аясында кітапхана қорына өз шығармаларын тапсырды. Оның ішінде 4 томдық таңдамалы шығармалары және романдар мен повесть жинақтары бар.

– Әлібектің шығармалары – оқырманның сұранысына ие, өміршең, өтімді туындылар. Өзі 50-60 кітап жазған, біразын кітапханаға өткізіп жатыр. Бұл – үлкен шара. Оқырман оқуы керек, – деді жазушы, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке.

Оқи отырыңыз: Оралхан Бөкей – көркемсөз шебері: студенттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир