|
15.07.2024 | 16:09
201

Алматыда «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы» ашылды

Мамандар 7 бағыт бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр

Алматыда «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы» ашылды Almaty.tv

Алматыда «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы» ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында жұмысын бастаған кешен саладағы озық технологиялар трансферін қамтамасыз ету, халықаралық деңгейдегі кадрларды даярлау ісіне басымдық бермек. Салтанатты іс-шараға көршілес елден арнайы делегация келіп, қос мемлекеттің ғалымдары ауыл шаруашылығы мәселелерін талқыға салды.

Айта кетейік, аталған орталық 7 бағыт бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

– Ауа райының, температураның, ылғалдың көрсеткішін қарап отырып, топырақтағы ылғалдың көлемін анықтайды. Әр сағат, минут сайын өсімдікке қанша көлемде ылғал қажет екенін есептеп, ұсыным беріледі, – деді Ғылыми білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры Фараби Ермеков.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық жеңілдікті несиеге ие болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир