«Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеті ұйымдастырған онлайн-байқаудың бірінші кезең жеңімпаздары анықталды

atr.kz
atr.kz
Байқаудың негізгі мақсаты – баланың мәдениетін арттырып, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға дәріптеу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеті ұйымдастырған онлайн-байқаудың бірінші кезең жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Карантин уақытында  балалар мен жастар шығармашылығын дамытуға негізделген сайыста бірінші орын Халықаралық бизнес мектебінің оқушысы Дияр Хасановқа бұйырды. Екінші және үшінші орынды Айша Тұрғамбай мен Шолпан Аманкелді иеленді. Ал, «Дәстүрлі ән» орындаған 33-мектеп-лицейінің  тоғызыншы сынып оқушысы Аслан Әбіл «Халық әні» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Байқаудың негізгі мақсаты – баланың мәдениетін арттырып, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға дәріптеу, сондай-ақ, махаббат пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Сондықтан, әрбір қатысушыға қойылатын талап – тақырыптан ауытқымай өз өнерін көрсете білуде. Естеріңізге сала кетсек, байқау 3 кезеңнен тұрады және жалпы қорытынды 1 маусымда газетке жарияланады.

«Байқауға әр түрлі ұлт өкілдерінен 30-ға жуық үміткер қатысып, бақ сынады. Олардың әрқайсысы да талантты, әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі, артықшылығы бар. Шынын айтқанда, мен үшін шешім шығару оңайға соққан жоқ. Болашақта осы өнерпаздар өнерлерін одан әрі шыңдап, әрқайсысы Қазақстанның белгілі жұлдызы болуға лайықты деп ойлаймын», – деді   қазылар алқасының мүшесі Тұрғынәлі ДАУТОВ.

Новости партнеров