Білім министрі пікір білдірді: мұғалімдерге зейнетке ерте шығуға рұқсат беріле ме?

Sputnik
Sputnik
Министрдің сөзінше, заң жобасы педагогтар мен депутаттар арасында қызығушылық тудырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкіметтің баспасөз конференциясында «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң жобасын парламент қарауына жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Министрдің сөзінше, заң жобасы педагогтар мен депутаттар арасында қызығушылық тудырған.

«Оған қатысты айтылған сындар да жоқ емес. Сондықтан ол мәжіліс қарауына тамыз айынан ерте берілмейді», - деді Білім және ғылым министрі.

Сонымен қатар Шәмшидинова мұғалімдердің зейнетке шығу мәселесіне қатысты да пікір білдірді.

«Зейнеткерлік жасына келер болсақ, зейнет мәселесі еліміздің зейнеткерлік туралы заңымен қаралады. Бүгінгі таңда зейнет мәселесін өзге қырынан көтерейін деп отырмыз. Егер адам педагогикалық ЖОО-ны тәмамдаса және бірден мектепке жұмыс істеуге келіп, мектепте үздіксіз жұмыс істесе, мұндай жағдайда зейнетке шығатын кезде педагогикалық ЖОО-да оқу оқыған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бірге есептеледі», - дейді еліміздің бас ұстазы.

Еске сала кетсек, бұған дейін 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдерге зейнетке ерте шығуға рұқсат беру туралы ұсыныс тасталған еді.

Новости партнеров