Мектепке жол: Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығында оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді

almaty.tv
almaty.tv
Мектепке сақадай сай болған ата-аналар жомарт жандарға алғысын жаудырып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған бұл игі шара орталықта биыл бесінші рет өтіп жатыр. Осы жылдың өзінде Медеу ауданының көп балалы және аз қамтылған 80 отбасына мектеп алды даярлық көмек көрсетілген. Демеушілік көрсеткен Нұр Отан партиясының мүшесі Расул Ахметов барша кәсіпкерлерді игі шараға қатысуға шақырып, білім саласын қолдаудың маңызын атап өтті.

«Мұндай игі шараларды өткізу, атсалысу сәнге айналуы тиіс деп ойлаймын. Әр отбасыда, әр мекемеде білім бірінші орында болуы керек. Себебі балалардың сапалы білім алуының ел ертеңі үшін маңызы зор. Біз келер ұрпаққа қамқорлық танытқанда ғана, сауатты, бәсекеге қабілетті азаматтар мен азаматшалар қалыптасады», – деді  «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Расул Ахметов.

Мектепке сақадай сай болған ата-аналар жомарт жандарға алғысын жаудырып жатыр. Аналар оқу жылы алдында өздеріне артылған зор жүкті сезінеді. Олар оқушыға психологиялық тұрғыда қолдау көрсету үшін өз араларында челлендж ұйымдастырыпты. Оның соңы жылдың аяғына дейін ана мен баланы қолдау марафонына ұласпақ.

«Психологиялық жағынан жылды жақсы көңіл-күймен бастап, жақсы көрсеткішпен аяқтау үшін біз – аналар психологиялық жақтан дайын болуымыз керек. Ол үшін біз қазір медеу ауданы бақытты отбасы аналары бірігіп, челлендж ұйымдастырып жатырмыз. Оның ар жағы марафон болып жалғасады», – деді  көпбалалы ана Балхия Оспанова.

Новости партнеров