Алматыда ғалым Байынқол Қалиұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Алматыда ғалым Байынқол Қалиұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Салтанатты шараға көршілес Өзбекстан, Тәжікстанның ғалымдары келіп Байынқол Қалиұлын алтын төсбелгімен марапаттады. Қазіргі таңда филологтың 475 ғылыми еңбегі жарияланған. Атап айтсақ, 7 монография, 25 сөздік, 364 ғылыми мақаласы жарық көрген. Сонымен қатар, бүгін үш бірдей кітабының тұсауы кесілді.

«Байынқол Қалиұлы мен шәкірттері, әріптестері бірігіп, «Мұқағали тілі» сөздігін құрады, жақында жарық көріп тұсауы кесілейін деп отыр. Ол кітапты шығаруда  Байынқол ағайдың еңбегі ерекше. Бүгінгі жетекші ғалымдар арасында қазақ тілі білімінің дамуына, мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің нығаюуына, өрісінің кеңеюіне бір кісідей атсалысып жүрген ғалымның мерейтойы өте жақсы деңгейде өтіп жатыр», – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ.


Новости партнеров