|
16.08.2022 | 22:16
3050

Ертең Алматыда педагогикалық қызметкерлерге арналған тамыз конференциясы өтеді

Бүгінде елімізде 457 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді

Ертең Алматыда педагогикалық қызметкерлерге арналған тамыз конференциясы өтеді Almaty.tv

Ертең Алматыда педагогикалық қызметкерлерге арналған тамыз конференциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биылғы жиын «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбына арналмақ. Мұнда айрықша білім беруді қажет ететін балалардың инклюзивті білім алудағы өзекті мәселелері талқыланып, ұстаздар тәжірибе алмасады. Бүгінде елімізде 457 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде психологиялық түзету кабинеттері, медициналық-педагогикалық кеңестер мен оңалту орталықтары бар.

«Бұның алдында осы мекемелер медициналық модельдермен жұмыс істеді. Енді бұл медицнианлық модельден біз кетіп, педагогикалық модельге көшіп жатырмыз. Оның ішінде мына баланың диагнозын емес, баланың оқу барысындағы қандай ерекшелігі бар, соны анықтап білім беру ұйымына нақты ұсыныс беру ретінде жаңа жұмыс бабына көшпек», - деді Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры Айкерім Күдеринова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир