Былтыр Алматының 6 мыңға жуық мұғалімі шетелде тағылымдамадан өтті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының білім беру саласына тиімді шетелдік инновациялық тәжірибені енгізу үшін былтыр 207 директор, мектеп, балабақша директоры мен орынбасары және білім беру жүйесінің педагогтары Ұлыбританияда, Швецияда, Финляндияда, Эстонияда, Сингапурда, Жапонияда, Ресейде шетелдік тағылымдамадан, ал ел ішінде 5700-ден астам адам тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты педагогтардың қалалық тамыз саммиті барысында хабарлады.

Оның айтуынша, шетелдік инновациялық тәжірибе негізінде Алматы педагогтары мектептер үшін 117 бағдарлама мен жоба және балабақшалар үшін 35 жоба әзірледі.

– Мұғалім білім берудегі негізгі буын болып қала береді, сондықтан мұғалімдерді қолдауға басты басымдық беріледі, – деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының қарсаңында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтардың қалалық тамыз саммиті өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы мектептерінде виртуалды репетитор пайда болуы мүмкін

Новости партнеров