|
22.12.2023 | 17:00
1005

Қысқы демалыс: мектеп оқушылары қанша күн демалады

Бос уақытын тиімді өткізу "Бірыңғай білім беру бағдарламасы" негізінде ұсынылады

Қысқы демалыс: мектеп оқушылары қанша күн демалады elements.envato.com

Қазақ мектептерінде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 10 күнге созылады - 2023 жылдың 29 желтоқсаны мен 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Білім министрлігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы хабарламасында айтылған.

Мектеп оқушыларының қысқы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу кезінде басқарма іс-шаралар жоспарына "Бірыңғай білім беру бағдарламасын" негізге алуды ұсынады.

Іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:

Жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірлесіп ғылыми жоба жұмысының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыру, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

"Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру аясында "Кітап оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу және оқылған әдебиеттерді талқылау;

"Ұлттық мектеп лигасы" жобасы негізінде оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарымен бірлесіп "Ұлттық ойын – ел қазынасы" спорттық ойындарын өткізу;

"Оқу мектебі" жобасын жүзеге асыру мақсатында "Мен оқыған ертегі", "Адалдық туралы" тақырыптарында оқушылармен әңгімелесу;

"Ата-ана мектебі" жобасын жүзеге асыру аясында "Қыз намысы – ұлт намысы", "Бала тәрбиесіндегі әкенің орны", "Дарынды отбасылар" тақырыптарында ата-аналар жиналысын өткізу;

құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Қорытындылай келе аталған іс-шара әдістемелік ұсыныстар ретінде білім беру ұйымдарына жіберілетіні айтылды.

Оқи отырыңыз: Балаларға арналған қандай жаңа жылдық іс-шара өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир