«Алматының жыл мұғалімі» байқауының иегері ұстазына алғысын білдірді

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының иегері ұстазына алғысын білдірді
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Аманов ұстаздар еңбегінің айрықша екенін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздардың еңбегі зор. 1 наурыз – Алғыс айту күнінде «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Аманов ұстазына алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды» дейді Әбіш Кекілбаев. Ұстаздық жолда жүрсем де, бойымнан ұстаздарыма деген махаббат бір сәтте сейілген емес. Үнемі есіме алып, хабарласып, қал-жағдайын біліп тұрамын. Ұстаздық жолымда Жүсіпбек Аймауытовтың «Ұстаз ұстаз емес, өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес, өз ұстазын сүймесе» деген тағлымды сөзін берік ұстанамын. Мектеп қабырғасында білімге деген құлшынысымды оятқан Үкібаева Забира апайыма, «Сырдария» университетінің білікті ұстаздары: Әбенова Ләззат, Нұрбек Мұрат апай-ағайларыма алғыс айтамын. Тәрбиелеп отырған шәкірттеріңіз ел үшін аянбай қызмет ететін азаматтары болсын! Мені өз қашағына алып, ыстық махаббатына бөлеген ата-анама, алғаш қолыма қалам ұстатып, оқуды үйреткен ұстазыма, ыстық ықласын, мейірім-шапағатын шашқан кеңпейілді, дархан еліме шексіз Алғысымды білдіремін!» – дейді Нұржігіт Аманов.

Новости партнеров