|
12.12.2022 | 17:02
817

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысқан

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды Асхат Аймағамбетовтің Telegram арнасы

Қазақстандық оқушылар физика, химия және биология бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Оқушыларымыздың халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғасып жатыр. Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар. Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты. Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты. Жүлдегерлерді жоғары нәтижемен құттықтаймын! Оқушыларға жаңа жеңістер тілеймін", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир