|
28.03.2024 | 17:20
297

Білімді ұрпақ - ұлттың болашағы: Алматы мектептері халықаралық тәсілдерді меңгеруде

№106 мектеп ұжымы оқушаларына сәттілік мекенін қалыптастырды

Білімді ұрпақ - ұлттың болашағы: Алматы мектептері халықаралық тәсілдерді меңгеруде Аlmaty.tv

Алматы мектептері халықаралық тәжірибе негізінде жаңа білім беру тәсілін енгізіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Әр оқушының өз жетістігі бар: біреуі – спортта, екіншісі – оқуда, үшіншісі - өз жобасын жасақтай алады.

Сонымен жаңа тәсілмен оқытудың ерекшелегі неде?

Ең алдымен баланың білімге деген ынтасын жаңа бағытты қолдана отырып арттырады, ол үшін түрлі инновациялық стратегиялық тәсілдер қолданылады. Оқушыға ерік беріліп, таңдау жасауға мүмкіндік ұсынылады.

«Алматы мектептері» жобасының аясында білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. 2024 жылы 28 наурызда Алматы қаласы білім басқармасының №106 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында педагоктарға арналған тәжірибелік-семинар өтті.

- Бүгінгі таңда қазақ еліне не жетпейді, қазақ еліне өзін әлемге танытатын жақсы нәтижесі болуы керек. Ол жеткілікті болуы үшін біздің оқушылар мектеп аясынан бастап оқытылып, машықтануы тиіс. Қазір баланың қалауына қарсы  оқыту қиын. Біздің мақсат соны қызықты етіп оқушыға ұсыну, - дейді №106 мектептің директоры Назым Амирова. 

Қала бойынша жиналған 50-ге жуық педагок 2 ағымда семинарға қатысып, жаңа тәсілді меңгерудің бағдарламасымен танысты. Кейін сыныптарда 106 мектептің ұстаздары ұйымдастарған шеберлік сабақтарына өтіп, пәндік көрсеткіштер бойынша баланы қолайлы оқытудың стратегияларын зерттеді. Сонымен қатар оқушы бойындағы ерекше қабілеттерін анықтауға машықтанды.

Іс-шараны Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Түрксіб аудандық білім бөлімі және 106 мектеп ұжымы ұйымдастырып отыр.

- Тек қана ата-аналарды біріктіріп, оқушыларды қызықтырып жол көрсетіп тұрып нәтижеге жеткізуді көздейміз. Өздеріңіз білесіз, бүгінгі күні балалар смартфон, телефондарда көп отырады. Ақпарат пен мәлеметтің барлығын сол жерден іздейді. Біздің мектептің мұғалімдері курс өтті ме, мектепке келіп, сол курстан не алды, не үйренді ортаға салады. Жаңалық  балаларға қандай нәтиже береді, балалар оны түсінді ме ? Бұл сауалды балалардан сұраймыз. Егер бала иә мен сабақты түсіндім, өзіме жаңалық аштым деп айтса жетістікке жеткеніміз,  - дейді №106 мектептің директоры Назым Амирова. 

Сандық технология, түрлі гаджеттер мен смартфондар, иновациялар мен интерактивті бағдарламалар заманында, баламен қоса ұстазы тіпті ата-ана да дамып, жаңа форматқа бейімделу керек деп санайды ұстаздар. Осы үштіктің үндестігі болған жағдайда ғана жарқын болашаққа жол ашылады. Білімді, бейімді және ой-өрісі жан-жақты  ұрпақ өсіп, өнеді.

Оқи отырыңыз: Сингапур мен Алматы мектепте білім беруді жақсарту бойынша күш біріктіреді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир