Алматылықтарды алдағы демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр – «Қазгидромет»

Алматылықтарды алдағы демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр – «Қазгидромет»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі апта Алматыда жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, тұман түседі деп күтілуде. Ал алдағы демалыста қандай күн райы күтіліп тұр? Қаңтар айының бұлай жылуына не себеп? Бұл сауалдарға «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Бибігүл Бекмұрзаева жауап бермек.

– Бибігүл ханым, алдағы демалыста Алматыда күн райы қандай болмақ?

– Алдағы сенбі, жексенбі күндері ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура түнде – 3, –8 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз – 1, + 6 градусқа дейін жоғарылайды. Ал таулы аймақтарда қаламен бірдей ашық жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура таулы аймақтарда + 4, + 9 градусқа дейін жылынады. Ал түнде 0 градус шамасында болады.

– Ал алдағы аптада Алматыда күн жылы бола ма? Әлде ауа райы аяқасты өзгеріп кетуі мүмкін бе?

– Алматы қаласы бойынша келесі аптаның дүйсенбі күнінде жауын-шашын болуы мүмкін. Және ауа температурасының төмендеуі байқалады. Ал сейсенбі күні бізде түнде қар жауады. Температура 0-2 градусқа дейін төмендеуі байқалады. Ал сәрсенбі, бейсенбі күндері бізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура түнде 2-7 градусқа төмендейді. Күндіз 2-3 градусқа жылынады. Ал жұма күні жауын-шашын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Ол кезде температураның тағы төмендеуі байқалады.

– Қаңтар айының жылып кетуіне не себеп?

– Қаңтар айы – қыс мезгілінің ең суық айы болып есептеледі. Қолда бар климаттық деректерге сүйенер болсақ, мұндай жағдай бізде бұрын да орын алған. Яғни, 2002 жылы 7 қаңтар күні температураның ең жоғарғы шегі + 18 градусқа дейін жылынған еді. Және 2014 жылдың 20 қаңтарында + 18 градустан жоғарылау болған. Яғни, қаңтар айының жылынуы Каспий теңізінің оңтүстігінен келген жылы ауа массасының әсерінен болып отыр. Сол үшін жылы болуда.

– Жауабыңызға рахмет!


Өмір Әнуарбек, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров