ҚР Білім және ғылым вице-министрі кешірім сұрады

Сурет : inbusiness.kz
Сурет : inbusiness.kz
Оның айтуынша, мұғалімдер тақырыпты түсіндіруде қателіктер жіберген бейне сабақтар қайта өңдеуге жіберілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға дайындалған видео сабақтарда кеткен қателіктер үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

«Иә, біз бұл қателіктерді байқап отырмыз. Қашықтан оқыту бізге күтпеген жерден болды, ал мұғалімдер бұған дайын болмады. Көптеген мұғалімдер қатты қобалжыды (бейне оқулықтарды түсіру кезінде). Бүгінгі таңда осы екі апта ішінде 700-ден астам бейне сабақ көрсетілген. Олардың көпшілігі көктемгі демалыста түсірілді, біз осы қателіктер үшін қоғамнан, ата-аналар мен оқушылардан кешірім сұраймыз», – деді Шолпан Каринова онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, мұғалімдер тақырыпты түсіндіруде қателіктер жіберген бейне сабақтар қайта өңдеуге жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде 4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағында мұғалім сөйлем мүшелерін ажырата алмаған видео сабақ сыналып, кеңінен тараған, сол секілді 1-сыныпқа арналған сабақтарда мұғалім сөздерді буындарға дұрыс бөле алмайды.


Новости партнеров