Қазақстанда тағы бір америкалық университеттің филиалы ашылады

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Қос дипломдық білім беру бағдарламалары іске қосылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада Michigan State University америкалық жоғары оқу орнының филиалы ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, 2021 жылы елімізде De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылған болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Петропавлда University of Arizona филиалы ашылып жатыр. Бұл университетпен ынтымақтастық аясында қос дипломдық білім беру бағдарламалары іске қосылады. Сондай-ақ елімізде ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары да ашылмақшы.

«С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылады. Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді. Сондай-ақ 2023 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Michigan State University ашу жоспарланып отыр», – деді министр.

Ол ЖОО филиалдарының жұмысына мемлекеттік тапсырыс бөлінгенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Саясат Нұрбек әлемнің үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кіретін қазақстандық университетті атады.

Новости партнеров