«Almaty Ustazy» байқауы аяқталды
Алматыда жас педагогтарға арналған «Almaty Ustazy» байқауы аяқталды. Алматы әкімі Ерболат Досаев Мұғалімдер күнін тойлауға орайластырылған мереке кезінде Сингапурда оқу тәжірибесінен өтуге сертификаттармен марапаттады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Шетелге №159, 168, 202, 206, 24 мектеп мұғалімдерінен 5 финалист барады.
Сингапурда мұғалімдер жетекші мектептердің жұмысымен танысып, шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасады. Бас жүлде иегері № 159 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Анапияева 5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Байқауға қатысушылар үшін қала әкімінің жасампаздық пен шығармашылық үшін арнайы сыйлығы қарастырылған. Оны №105, 94 мектеп-гимназиясы мен №134 мектеп-лицейінен үш қатысушы алды.
«Almaty Ustazy» байқауы 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, үш кезеңде өтті. Оған 2,5 мыңнан астам адам қатысты.
Оқи отырыңыз: Үлкендер жолы – ұлылық: ардагер ұстаздармен кездесу өтті