Алматыда білікті мамандарды даярлайтын колледждер қалай жаңғыртылады

Алматыда білікті мамандарды даярлайтын колледждер қалай жаңғыртылады
Ержан Бабақұмаров «Жас маман» жобасы аясында колледждердің жаңғыртылуымен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы құрылыс-техникалық және Алматы политехникалық колледждерінде «Жас маман» жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді. Оқушыларды өндірісте практикалық жұмыспен қамтамасыз ету үшін ірі кәсіпорындармен дуалды оқытуды дамыту және ынтымақтастық құру бойынша міндеттерді белгіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

2021-2022 жылдары осы жоба шеңберінде кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 11 405 орынға, оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2500 орынға арналған 48 колледжде орналастырылды.

Алматы құрылыс-техниклық колледжі осы бағдарлама аясында 200-ге жуық түрлі мақсаттағы аппараттар мен жабдықтарды сатып алған. Техникалық жағынан дәнекерлеу ісі, жиһаз өндірісі, сантехника және жылыту, құрғақ құрылыс жұмыстары бойынша үш шеберхана жабдықталған. Жиһаз цехына ағашқа кез-келген үлгіні кесетін, бағдарламалық-сандық жолмен басқарылатын аппарат сатып алынды. Сондай-ақ, өңдеуге арналған фрезерлік станоктар мен тігін машиналары сатып алынды.

«Біздің колледж құрылыс-коммуналдық шаруашылық бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік. Мұнда жиһаз өндірісінің мамандары дайындалады. Біздің оқу бағдарламаларымыз жиһаз өндірісін қарапайымнан күрделіге дейін – кішгірім бөлшектерді дайындау, жиһаз бетін тігу және т.б. болатындай етіп жасалған», - дейді директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Азиз Жалилов. Студенттер цехта өздері парталар, есіктер, колледж кабинеттеріне арналған орындықтар дайындайды екен.

Алматы құрылыс-техникалық колледжі қаламызда кәсіби сантехниктерді дайындайтын жалғыз оқу орны. «Жас маман» бағдарламасы аясында болашақ сантехниктер үшін жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін орнату мен күйге келтіру бойынша модульдер, қол гидравликалық сорғысы бар ілмекті арматураға арналған стендтер, ауа баптауға арналған жүйелер, душ кабинасын, ванналар мен унитаздарды қосуға арналған жүйелер сатып алынды. Колледжде құрғақ құрылыс зертханасы бар, онда студенттер қабырғаларды жылыту, бояу және басқа да жөндеу жұмыстары бойынша тәжірбие жинақтайды.

«Жас маман» бағдарламасы бізге колледж студенттеріне арналған жабдықтарды жаңартуға мүмкіндік беріп, стандарттарымызды сәйкестендіру, студенттерімізді өндірістік қызметке жақындату арқылы жаңа деңгейге шығу  жолдарын ашты. Біздің колледждегі әрбір жабдық күніне алты сағаттан қолданылады, бұл біздің шәкірттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізуде», - деп атап өтті директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Азиз Жалилов.

Сондай-ақ, әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы политехникалық колледжіне барып, «Жас маман» жобасын іске асыру аясында ақпан айында ашылған IT-орталығымен жеке танысты. Орталықта компьютерлік-аппараттық қамтамасыз ету бойынша студент-техниктер, аудио және бейнеоператорлар, техника-механиктер оқудан өтеді.

«Біз әрбір бағыт бойынша жұмыс берушілермен келісе отырып, тиісті жабдық сатып алдық. Студенттер кәсіпорындарда сұранысқа ие жабдықтармен жұмыс істейді. Жабдықтар біздің студенттерге бүкіл өндіріс процесін көруге мүмкіндік береді. Олар зауытқа барғанда қандай құрылғы қалай жұмыс істейтінін білетін болады. «Жас маман» бағдарламасының арқасында біз студенттерімізге көбірек білім мен тәжірибе бере аламыз», - дейді колледж директорының оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары Маржан Мәлікова.

Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров энергетика және электрондық технологиялар колледжіне, сондай-ақ көпсалалы колледжге барып, «Жас маман» жобасының жүзеге асырылу барысымен және материалдық-техникалық жарақтану деңгейімен танысты.

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде 2019 жылғы 23 қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Анықтама үшін: «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты – 100 сұранысқа ие мамандық бойынша колледждер мен жоғары оқу орнын жаңғырту мен білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Мақсатқа жету жолында Алматыда мынандай кешенді жұмыстар жүргізілуде:

- сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын 18 колледж іріктелді;

- білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін жетілдіру мен мәлімделген кәсіп бойынша халықаралық стандарттар негізінде білім беру бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту;

- колледждерге - колледждерге жабдықтар сатып алынады.


Жобаның іске асуы нәтижесінде оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады, мәлімделген кәсіп бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналып, әлемдік  WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауға мүмкіндік алады.

Новости партнеров