СҚО-да басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

aikyn.kz
aikyn.kz
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағанов пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған дейін оның медициналық ұйымның директорынан 1000 АҚШ доллары көлемінде қаражат алғаны туралы ақпарат тараған еді. Жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл мәліметті бүгін растап отыр.  

«Иә, бұл мәліметті растаймыз. Тергеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ сотқа дейіңгі тергеп-тексеруге байланысты басқа ақпаратты 201 бапқа сәйкес жария ете алмаймыз. Егер сот шешімі шығып жатса, міндетті түрде білетін боласыздар», – деді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Оқи отырыңыз: 83 млн теңгені ысырап еткен: Атырауда кәсіпкерлер әкім орынбасарына араша сұрады

Новости партнеров