Алматы талапкерлері колледжді жаңа қағида бойынша таңдай алады

2gis
2gis
Өткен жылы колледждер қабылдау емтихандарын өз бетінше өткізген болса, енді бәсекелестік орташа ұпай бойынша автоматты режимде өткізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2021 жылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен колледждерге қабылдау механизміндегі өзгерістер туралы айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қалалық Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Әсет Мұханбетов жаңа механизм "студентке ақша" қағидатына негізделгенін айтты.

Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік тапсырыс талапкердің таңдауы бойынша колледждерге нақты қабылдау нәтижелері бойынша орналасады.

«Мемлекеттік тапсырыс белгілі бір ұпай жинаған және бәсекеге қабілетті колледждерге  беріледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша орын алғысы келетін талапкерлер  тізімге енген колледждерді ғана таңдай алады», –  деді Алматы Білім басқармасының өкілі Әсет Мұханбетов.

Өткен жылы колледждер қабылдау емтихандарын өз бетінше өткізген  болса, енді бәсекелестік орташа ұпай бойынша автоматты режимде өткізіледі.

Демек, ЖОО-на түсу үшін медициналық, педагогикалық пен шығармашылық мамандықтардан басқа ҰБТ сертификаты талап етілмейді.

Ә. Мұханбетовтің айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік тапсырысты қабылдау мен орналастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, колледждер арасындағы бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ барлық мектеп түлектері білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі бар. Нәтижесінде талапкер белгілі бір мамандықты алуға ұсыныстар алады, ұсынылған мамандықтардың карталарымен танысады.

Кәсіби диагностика қорытындысы бойынша талапкер 4 мамандық пен 4 колледж таңдай алады.

Бұл ретте талапкерлерді жұмысшы біліктілігі, арнайы білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау тікелей колледждерде конкурстан тыс жүзеге асырылады.

Сөз соңында Ә. Мұханбетов Алматыда 83 орта-арнайы оқу орны жұмыс істейтінін, оның 22-сі мемлекеттік мекеме екенін айтты. Оның үстіне, 47 колледжде оқушыларды мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытады. Студенттер 21 мың теңге көлемінде стипендия алады.

Новости партнеров