|
27.08.2022 | 18:28
3671

Жаңа оқу жылында 89 мың студентке жатақхана жетіспейді

2022 жылы 6 нысан пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылында 89 мың студентке жатақхана жетіспейді Almaty.tv

Жаңа оқу жылында 89 мың студентке жатақхана жетіспейді. Тапшылық ең көп байқалған өңірлер көшін Алматы мен Нұр-Сұлтан бастап тұр. Оңтүстік астанада - 37 мыңнан астам, бас қалада - 14 мың студентке тұрғын жай керек. Бұл туралы еліміздің Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған мәселені шешу үшін қазір 30 жоғары оқу орны қонақ үйлер мен хостелдердің иелерімен келісімшарт жасау мәселесін қарастырып жатыр

«Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін 2018 жылдан бастап жаңа жатақханалар салынып жатыр. Осы бастаманы іске асыру басталғаннан бері ЖОО-да 20 700-ден астам төсек-орынға арналған 93 нысан, оның ішінде 2022 жылы 1470 төсек-орынға арналған 6 нысан пайдалануға берілді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир