|
18.03.2024 | 19:54
2215

Бітпеген мектеп: Жамбыл облысында оқушылар ауыл әкімдігінде білім алуға мәжбүр

Тұрғындар «ыстық тамақ мешітте беріліп жатыр» дейді

Бітпеген мектеп: Жамбыл облысында оқушылар ауыл әкімдігінде білім алуға мәжбүр Almaty.tv

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында оқушылар құрылысы бітпеген мектепте білім алуға мәжбүр. Айдарлы ауылындағы орта мектептің күрделі жөндеуі 2023 жылы қазанда аяқталуы тиіс болған. Бірақ жауаптылар жұмысты әлі күнге бітірмеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салдарынан 1-4 сынып балалары жапсарлас ғимаратта, 5-11 сынып оқушылары ауыл әкімдігінде білім алуға мәжбүр. Тұрғындар «ыстық тамақ мешітте беріліп жатыр» дейді. Бейнежазбада тіпті «тазалық жұмыстарына мектеп оқушылары тартылып жатыр» делінген. Білім басқармасындағылар мұны жоққа шығарды. Дегенмен олар ағарту ошағындағы жағдай мен күрделі жөндеудің кешіккенін растап отыр. Бүгінде директорға тәртіптік шара қолданылып, мердігерді сотқа берген.

– Қазіргі таңда мектептің ішкі жұмысының барлығы 100 пайыз бітті. Даладағы абаттандыру жұмыстары, яғни кеспетас төсеу қалды. Соңғы уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс тоқтап қалған. Компания 20 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін жұмысты аяқтаймыз деп жоспарлап отыр, – деді Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев.

Оқи отырыңыз: Жалған құжат: біліктілігін арттырған мұғалімдерді тергеу басталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир