Депутат Алматыдағы сейсмология институтының мәселесін атап өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Бақытжан Базарбек ведомство басшысына ғалымдардың мұңын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы сейсмология институтының жағдайы мүшкіл. Бүгін Саясат Нұрбек мәжілісмендердің алдында ғылым және технологиялық саясат туралы заңның жобасын таныстырып жатқанда, депутат Бақытжан Базарбек ведомство басшысына ғалымдардың мұңын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Мәжілісменнің сөзінше, Үкіметтен бұл институтқа іс жүзінде қолдау жоқ. Ғылыми жобалар да қабылданбай жатыр. Тіпті қызметкерлер айлығын ала алмай жүр.

– Сейсмостансалар темір қаңылтыр. Сейсмоқауіпсіздіктің жағдайы осындай. Институт қазір ТЖМ қарауында. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтаруға қалай қарайсыз? – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек.

Бұл сұраққа жауап берген Саясат Нұрбек шын мәнінде бірталай институт салалық министрліктерге берілгенін атап өтті.

– Ауыл шаруашылығында да көп мәселе жиналып қалды. Оның ішінде сейсмология институты да қазір ТЖМ қарауында. Өкінішке қарай, ол дұрыс емес. Бірақ оларда толыққанды қаржыландыру да жоқ. Біз де оларға кіріп, ішкі процедураларын қолдай алмаймыз. Сондықтан, қайтарылса қарсы болмаймыз. Бірақ биыл нысаналы грант ретінде институтқа 3,5 млрд теңге беріп отырмыз, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы да жер сілкінді

Новости партнеров