Өрт қауіпсіздігі: биыл 5 мыңнан астам мектепке тексеріс жүргізілді

Фото: malim.kz
Фото: malim.kz
Білім беру объектілерінде 9 өрт оқиғасы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі білім ошақтарында өрт қауіпсіздік талаптары сақталмайды. Жыл басынан бері 5 мыңнан астам мектепке тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде сақтық ережелерін ескермеген 49 мың 424 жағдай тіркеліпті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кемшіліктердің дені - оқу ордаларында тілсіз жауды автоматты түрде анықтайтын арнайы құрылғы орнатылмаған. «Нысан қызыл жалынға оранған жағдайда іштегі азаматтарға хабар беретін дабыл жүйесі де ескерілмеген» дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері. Сақтыққа салғырт қарағандықтың салдарынан жыл басынан бері білім беру объектілерінде 9 өрт оқиғасы болған.

– Бүгінгі таңда еліміз бойынша 55 жалпы білім беретін мектеп автоматты өрт дабылы жүйесімен қамтамасыз етілмеген. Биыл білім беру объектілерінде 9 өрт болды. Өрт кезінде 8 оқиға бойынша автоматты өрт дабылы жүйесі іске қосылды және бір жағдайда жұмыс істемей тұрды, – деді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Новости партнеров