|
01.09.2023 | 19:14
2946

Алматы мектептерінің бірінде жоғары сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды

Ол 520 оқушыға арналған

Алматы мектептерінің бірінде жоғары сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды Яндекс Карты

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте 7-11 сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 520 оқушыға арналған. Мектеп қазақ және орыс тілінде оқитын 1-11 сынып оқушыларына барлығы 1320 оқу орнын ұсынады.

Жаңа ғимараттың ерекшелігі - 9 бағыт бойынша оқушыларды дербес оқыту. Әр бағыт бойынша мектеп түлектері тиісті сертификат, диплом мен грамота алады.

Инновациялық ғимаратта 600 шаршы метр спорт зал, үлкен киіз үй түрінде салынған 80 орындық озық кітапхана, 3 жоғары жабдықталған дәріс залы, 360 градусқа арналған LED экранды амфитеатр, 400 орындық асхана, хореография, дзюдо залдары, оқушылардың демалуына арналған 10-нан астам шығармашылық аймақ, асхана және т.б. бар.

- Инновациялық корпусты ашу - мектеп құрылғалы жоспарланған маңызды қадам. Бұл - білімге деген көзқарасымызды, әр оқушының өзіндік амбициясы бар ерекше тұлға екенін танытуымызға дәлел. Оқушылар кәсіби салада ғана емес, мәдени мұрамызды мақтан тұтатын тұлғаға айнала отырып, барлық жағынан дами алатын оқу ортасын құрдық, - деді мектептің негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова.

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп (Shoqan School) 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл - барлық халықаралық экологиялық стандарт бойынша салынғанын куәландыратын LEED сертификатын алған ТМД аумағындағы алғашқы әрі жалғыз білім беру нысаны. 2023 жылдан бастап мектеп Біріккен Ұлттар Ұйымының (UN Global Compact) жаһандық шартының толық мүшесі болып табылады.

Білім беру үдерісі үздік халықаралық тәжірибелер мен сапалы білімге тең қолжетімділікті ескере отырып құрылған мектептің негізін қалаушылар үздік оқушыларға тегін оқуға грант бөледі және оларды ақшалай шәкіртақымен ынталандырады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласындағы Қайрат ықшамауданында жаңа мектеп ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир