Алматыда 8 мыңнан астам оқушыны мектеп автобусы тасымалдайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл №210 мектеп-лицейі қолданысқа берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ал Алматыда биыл 10 жаңа мектеп қолданысқа берілді. Білім күнінде шәкірттеріне есігін айқара ашқан оқу ордасының бірі – №210 мектеп-лицейі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа білім мекемесі қала әкімдігінің назарынан тыс қалмады. Республикалық «Мектеп автобусы» бағдарламасы аясында оқушыларды 3 автобус тасымалдайды.

Көлікте желдеткіш, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер үшін пандус пен сөмке қоятын арнайы сөре, қауіпсіздік белдігі бар. Сондай-ақ жүргізуші бейнекамералар арқылы жағдайды қадағалап отырады.

– Жоба алыс тұратын оқушыларға арналған. Байбесік ықшамауданынан 222, Ұлжан-2-ден 148 оқушы қатынайды. Мектеп әкімшілігінің бұйрығымен әр сыныпқа арнайы қызметкер бекітілген, – деді № 210 мектеп-лицейінің директоры Гүлнәр Ахметова.

Айта кетейік, биыл Алматыда 8 мыңнан астам оқушыны мектеп автобусы тасымалдайды. Бұл қызмет үшін бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған. Республикалық жобаны іске асыру балалардың қауіпсіздігін арттыруға, сонымен қатар жолдағы  кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.

– Автобусқа отырған оқушыларды жауапты қызметкерлер апарып, аялдамада ата-анасына табыстайды. Балаларға ыңғайлы, ұнайды, – деді №210 мектеп-лицейінің мұғалімі Индира Джангурбаева.

Оқи отырыңыз: Астанада үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі

Новости партнеров