Алматы облысындағы мектеп асханаларында бақылау күшейтілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірде 323 мың 385 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында білім алушылардың тегін, сапалы, ыстық тамақпен қамтылуы қатаң бақылауда. Білім беру ұйымдарындағы мектеп асханаларына тексеріс жүргізілді. Облыстық мониторинг жұмыстарының нәтижесінде және келіп түскен арыз-шағымдар бойынша жиі кездескен кемшіліктер анықталып, өзгерту енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы облысында биылғы оқу жылында 429 жалпы білім беретін мекеме арасында 357 мектепте асхана бар. Онда 323 мың 385 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Мектеп асханаларына жүргізілген облыстық мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында арнайы бракеражды комиссия жұмысқа кіріскен.

– Мектепте 6 уақыт тамақтанады. Асханаға 200 баладан кіреді. Жалпы 1-4 сынып арасындағы 1095 бала бар. Ал енді 5-8 сынып арасындағы әлеуметтік статусына қарай 130 бала тамақтанады.  Күнделікті ас мәзірін дайындап отырамыз, – деді Тұздыбастау ауылы № 13 мектептің директоры Мадияр Азанбаев.

Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы №13 жалпы білім беретін орта мектебі 2014 жылы пайдалануға берілген. Білім ошағы шалғай елдімекендерде тұратын оқушыларды тасымалдау үшін арнайы автобуспен қамтамасыз етілген.  Мектеп аз уақытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді.

– Мектеп ашылғалы балалар осында оқиды. Мұғалімдердің білімі жоғары, барлық жағдай жасалған. Оқу ордасында қоғамдық жұмыс жиі ұйымдастырылады, – деді ата-ана Тамара Ахметжанқызы.

– Балалардың спортқа деген қызығушылығы артып келеді, олардың тәртібі өте жақсы. Биыл облысқа баратын балалар бар. Мектепте барлық жағдай жасалған, – деді Тұздыбастау ауылы № 13 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қайсар Ахмет.

Сапалы тамақтану – оқушылардың денсаулығы мен жақсы үлгерімінің кепілі болғандықтан, ас мәзірі арнайы мамандармен бірлесе әзірленеді. Асханада берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысымын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды. Облыстың Іле, Қарасай аудандарында да мектеп асханасы да жоспарлы жұмыс істейді.

Жансая Олжабек, Талант Айымбет, Ялкунджан Ашимжанов, «Алматы» телеарнасы, Алматы облысы

Оқи отырыңыз: Алматыда оқушылар мен колледж студенттері арасында пікірсайыс өтті

Новости партнеров