Қазақстанда Білім министрлігі мен Жоғары білім және ғылым министрлігін құру ұсынылды

inform.kz
inform.kz
Сенатор орта білім беру жүйесі өте күрделі екенін, ол елдің дамуы үшін өлшеусіз рөл атқаратынын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда Білім министрлігі мен Жоғары білім және ғылым министрлігін құру ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы осындай ұсыныс жасады. Оның сөзінше, Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу керек. Сенатор орта білім беру жүйесі өте күрделі екенін, ол елдің дамуы үшін өлшеусіз рөл атқаратынын атап өтті.

«Білім және ғылым министрлігі үздіксіз білім білім беру жүйесінің, балабақшадан бастап жоғарғы білімнен кейінгі әрі жоғары білімге дейінгі барлық проблемалармен шұғылданады. Бұл – өте үлкен жүктеме. Ол еліміздің халқының жартысын қамтиды. Мұндай жүктеме басқа бірде-бір министрлікте жоқ», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Ал депутат Ақылбек Күрішбаев мақта саласында табыстың төмен болуының басты себебі – оны қаржыландырумен байланысты, дейді. Оның айтуы бойынша, екінші деңгейлі банктердің ауылшаруашылығын кредиттеуі жылдан-жылға төмендеп келеді.

«Бастысы тек заңды қабылдауда ғана емес, оны жүзеге асыруда. Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру мәселесі тек Ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана емес, бүкіл Үкіметтің қолдауына байланысты екенін айтқым келеді», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.

Новости партнеров