Белгілі професор Рахман Алшановтың соңғы жарық көрген кітабы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінге дейін Қазақстанның 4 қаласында тұсаукесері өтті. Кітапты жазу үшін зерттеу жұмысына ғалымның 7 жыл уақыты кеткен екен. Терең тарих пен жаңаша жаңалықтарға толы туынды жас ғалымдарға арналады. Автордың оны алдағы уақытта да толықтыра түсу жоспарында бар екен.
Жер шарынның пайда болуымен алғаш адамзаттың өмірге келуі. Бұл сұрақ әлем елдеріндегі ғалымдардың өзара талас тудырған әлі де болса нүктесі қойылмай келе жатқан ғылыми сала. «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы» атты кітап осы тақырыпта пікір қалдырған бірнеше ғалым зерттеуінің нәтижесінде жүзеге асқан. Кітапта 700-ге жуық тарихшы айтқан пікірлер көрсетілген. Автор сонша ғалымның ішінен тек сығындысын алдым дейді.
«Бұл жердегі жаңалық – осы уақытқа дейін бұл оқиғалардың барлығы ойдан шығарылды деуі. Қорыққаннан жазды, көрсетті, жұлдыз жарылды, анау-мынау болды деп. Осыған байланысты әлі де зерттелу керек. Қазір көбіне болжам ғой. Соның бәрін жинақтау керек», – деді экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман АЛШАНОВ.
Кітап жалпы оқырманға арналады. Смортфон арқылы оқығысы келетіндер үшін электоронды нұсқасы да жасалыпты. Әлемде болып жатқан табиғат апаттары, өзендердің тартылуы, топан сулар мен жер сілкіністері. Мұндай жағдайлардың не себепті болып жатқандығы осы кітапта зерттелген.
«Топан суға байланысты 72 мыңнан астам зерттеулер бар екен. Оларды жүйелеген кезде бір-бірімен байланысы бар екені көрініп қалды. Негізігісі бұл қайдан келді, бұл неден болды деген сияқты. Бізде Қазақстан жерінде мамонттардың 500 бөлігі табылған. Қалай келді, сүйегі сынды ма, нақты зерттеу жоқ. Америкалықтар күлге дейін зерттеп жатыр», – деді экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман АЛШАНОВ.
Кітаптың негізгі аудиториясы – жас ғалымдар. Себебі мұнда терең тарих пен қайталанбас зерттеулердің бар екенін айтады. Туынды қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Алдағы уақытта ағылшын тілінде жарыққа шығуы мүмкін.
Ұлағат Арғынұлы