Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Медведевпен кездесті

zakon.kz
zakon.kz
Медведев бұл сапарының символдық мәні бар екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дмитрий Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Медведевті жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады.  

«Сіздің мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибеңіз Ресейдің мемлекеттілігін нығайту ісіне, әсіресе қазір, елдеріңіз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқан кезде зор үлес қосатыны сөзсіз. Конституциялық реформалардың орны ерекше. Біз оны мұқият зерттеп жатырмыз. Әрине, біз одақтас әрі стратегиялық серіктес болғандықтан, Қазақстан оған айрықша қызығушылық танытады», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Дмитрий Медведев өзінің жаңа лауазымында елімізге жасаған сапарының символдық мәні бар екенін айтты. Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы айта келе, оның мейлінше маңызды даму кезеңінде тұрғанын атап өтті.

«Мен бұдан достығымыздың, одақтастығымыздың символын көріп отырмын. Сіз Ресейде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларға назар аудардыңыз. Біз де Қазақстандағы үдерістерді мұқият бақылап отырмыз. Достас, серіктес саналғандықтан, басқаша болуы мүмкін емес. Біз бір-біріміздің дамуымызға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, белгілі бір деңгейде өткен кезеңнен, дамуымыздың кейбір сәттерінен сабақ алуымыз керек», – деді Ресей федерациясының қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий МЕДВЕДЕВ.  

Новости партнеров