Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы легінде 9000-нан астам түлек емтиханның шектік деңгейінен сүрінбей өтті, ал 3000-нан астамы ең төменгі баллға қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Білім және ғылым министрлігінің өкілі Әділет Тойбаевтың айтуынша, алғашқы тестілеу күні Қазақстан бойынша нақты 12 мың 772 түлек өз білімін сынаған. Оның 11 мыңнан астамы қазақ тілін таңдаса, 1411-і орыс тілінде емтихан тапсырған. Тестілеудегі бес пән бойынша республика аумағында жиналған орташа балл – 74,2-ды құрайды.
«Түлектердің ішінде жігіттер көбіне – жаратылыстану, математика, физика, химия, ал қыздар жағы – биология пәнін таңдаған», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет ТОЙБАЕВ.
Ең жоғарғы балл – әзірге 137. Еске сала кетейік, шекті ұпай емтиханда 140-қа тең. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Осы жолы сүрінгендер тамыз айында ақылы түрде білімін қайта сынай алады.