|
28.02.2024 | 19:56
621

Жаңа оқу әдісі өз тиімділігін көрсетті

Студенттер болашақ жұмыс орнын тауып үлгерді

Жаңа оқу әдісі өз тиімділігін көрсетті elements.envato.com

Елімізде интернет пен байланыс желісін жүргізетін мамандарға сұраныс артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Алматыдағы телекоммуникация және машина жасау колледжіндегі білім алушылар қазірден бастап, өндірістен орын тапқан. Олар соңғы үлгідегі технологияларды жетік меңгерген, қыр-сырын білетін дайын маман. Болашақ мамандар оқытып жүрген Аслан Әшірбаев былтыр Қытай Халық Республикасында тағылымдамадан өтіп келшген білікті ұстаз. Қазір сол шетелде жиған тәжірибесін ортаға салып, 5G интернет жүргізудің қыр-сырын студенттерге үйретеді.

- Жаңалықтарымызды оқу бағдарламаларына енгізіп, өзіміздің өндірістік сабақта қолданып келеміз. Бұрында бізде байланыс саласындағы монтаждау жұмыстарын жүргізуді ғана үйретсек, қазіргі таңда IP-адрестерді енгізу, стансалар мен модемдерді баптау, виртуалдық интернет желісін құрау сынды сабақтар үйретіп жүрміз балаларға, - дейді Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің өндірістік оқыту шебері Аслан Әшірбаев.

Оқу барысындағы жаңа әдістен бөлек, "Жас маман" жобасы аясында жасақталған шеберхананың да білім алушыларға берері көп. Мұнда жастар «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» бойынша кәсібилігін арттырып, технологиямен жұмыс істеуді жетік меңгеруде.

Колледж директорының айтуынша, жаңа әдістерді үйренген білім алушылардың өзі бүгінде өндірісте таптырмас маман саналады. Қазірден болашақ жұмыс орнын тапқан жастарымыз көп дейді.

- Телекоммуникация саласын тереңдетіп, жаңа бағдарламаны енгізіп оқыту, біздің салаға үлкен мүмкіндік береді. Біз заманға сай маман даярлауға міндеттіміз, - дейді Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің директоры Ардақ Қожахметова.

Былтыр мемлекеттік колледжден 10 оқытушы шетелдегі тағылымдамадан өтті. Біліктілікті арттыруға оларды Қытай, Еуропа елдеріне жіберді. Мақсат - цифрлық білім деңгейі жоғары болашақ маман даярлау.

Оразай Нұртайұлы, Ялкунжан Әшімжан, "Алматы" телеарнасы

Оқи отырыңыз: Өскелең ұрпақты мамандыққа баулып, еңбекке ынталандыру қажет

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир