Мектеп формасын сатып аларда нені ескеру керек

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Биыл кеңсе тауарларының бағасы шамамен 40-50 пайыз өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа оқу жылының басталуына 1 ай қалды. Биыл кеңсе тауарларының бағасы шамамен 40-50 пайыз, мектеп формасы 20-30 пайыз өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – бас қаладағы базардың бірі. Бағасы қолжетімді әрі арзан деп тұрғындардың дені осында келеді. Бірақ биыл халық ренжулі. Қажетті мектеп формасы, құрал-жабдықтар құны 2 есе өсіп кеткен.

«Бүгін киім аламын. Қымбат бәрі. Ұлыма костюм шалбар алып жатырмын. Костюмнің өзі 15 000, енді көйлектің бағасы – 8000 теңге. Қымбат баға», – деді қала тұрғыны Ербол Аралбаев.

Қымбатшылық кәсіпкерлердің де қалтасын қағып жатыр. Тауарды арысы Қытай, Бішкек, берісі  Алматыдан алып келеді. Бірақ кеткен жол, салық төлемі бар, шығын ақталмайтын көрінеді.

«Мынау мектеп формасының қымбат. Көтерме баға Бішкекте 8500-10 000 теңге дейді. Ал бұл жерге әкеп, оны 15000 сатуға халықтың жағдайы көтермейді. Бір бала болса көтеруі мүмкін. Көп балалы аналарға қиын», – деді кәсіпкер Берік Наурызбайтегі.

Оқушыға қажетті 12 парақтық дәптер бағасы 35 теңге тұрады. Қалың дәптерлер 300-700 теңге.  Түрлі-түсті қалам, қарындаш, күнделік сынды қажетті заттарды қосыңыз.  Ал сөмкенің ең арзаны 5000-нан басталып, ірі сауда орталықтарында 20 мыңға жуықтайды.

«Сөмкенің бағасын былтыр 3500-4000 теңгеден сатқанбыз. Биыл ол баға жоқ. 20-30 пайызға өсіп отыр. Негізгі тауар Қытайдікі, біз Алматыдан алып келдік», – деді сатушы Венера Қалмұрзаева.

Ата-аналар бағамен бас қатырып отырғанда Министрлік тағы бір жаңалықпен бөлісті. Келер жылы мектеп формасы өзгеруі мүмкін. Әр аймақтың білім ошақтары өзі таңдап алған киім түрі бекітілмек. Әзірге барлық мектепте бірыңғай қара-көк түсті форманы бекітті. Демек ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдай алады. Негізгі ережеге сәйкес болуы керек.

«Киім классикалық стильде тігілуі шарт. Ұлдарға: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде ұсынылады. Сонымен бірге, шалбар еркін кесілген және ұзындығы аяқтың тобығын жабуы тиіс. Қыздарға: пиджак, юбка, шалбар, классикалық ақ жейде киюге болады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Мектеп формасына сұраныс әлі басталған жоқ. Тамызда Сұраныс  артқан кезде тиісінше баға да өсуі мүмкін екен.

Новости партнеров