Атырау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер анықталды

ehonews.kz
ehonews.kz
Заңды белден басқандарды Антикор қызметкерлері арнайы мониторинг кезінде ұстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында 81 адам жалған дипломмен жұмыс істеген. Мұндай фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мониторинг кезінде анықтаған. Педагогтар жоғары білімі болмаса да, өтірік құжат тапсырып, соған сай жалақы алып келген. «Бармақ басты, көз қыстылыққа» жол бергендер енді заң алдында жауап бермек.

Арды емес, пайданы көбірек ойлағандар енді жауапқа тартылады. Заңды белден басқандарды Антикор қызметкерлері арнайы мониторинг кезінде ұстады. Яғни, 81 мұғалім жалған дипломмен жұмысқа қабылданған. Облыс әкімінің салаға жауапты орынбасары «заңсыздықтарды болдырмау үшін цифрландыруды қолға алу керек» дейді. Бұл жұмысқа қаражат бөлінген.

– Мектептерде цифрлық жүйені енгізу керек. Жылдың басында қаражат бөлді. Қазіргі таңда жұмыс істейтін IT компанияларды шақырдық. Қыркүйекте конкурс болады, – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Өңірдің білім саласындағы былығы мұнымен бітпейді. Тағы 12 бірдей мектепте іс жүзінде қызмет етпесе де, 41 адам табыс тауып келген. Директор мен есепшінің туыстарына бюджеттің 90 млн теңгесі аударылған. Талдау кезінде, тізімінде тұрған азаматтардың өзге өңірде тұратыны дәлелденді.

– Жалған дипломмен жұмыс жасау фактісі тіркелді. Жинақталған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабыдануы үшін ПД  жолданды. ҚР ҚК 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталған фактілерді аудандарға бөлетін болсақ, қалада -13, Құрманғазы да - 2, Жылыойада - 20, Мақатта - 9, Исатайда 2, Махамбет ауданында 2 дерек анықталды, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жәнібек Қаражанов.  

Антикор қызметкерлері білім беру мекемелеріндегі біраз олқылықтың бетін ашқан. Бір қызметкердің 4-5 жерде жұмыс істеген, оқушыларға қосымша білім беру кезінде бірдей тарифтік ақы төленбеген.

Гүлмарал Изатқызы, Нұрбек Шәйден, «Алматы» телеарнасы, Атырау

Оқи отырыңыз: Алматылық спортшы оқ атудан әлем чемпионы атанды

Новости партнеров