Қашықтан оқыту кезінде ұстаздардан есеп талап етілмейді

04.04.2020 в 14:42

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай мәлімдеді

Қашықтан оқыту кезінде ұстаздардан есеп талап етілмейді. Ешқандай тексеріс жүргізілмейді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін басталған 4-тоқсанның алғашқы күніне сараптама жасады. Ол туралы толығырақ тікелей эфирде елордалық әріптесім Асылбек Тойбек айтып берсін. Асылбек, оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар үшін бүгінгі қашықтықтан оқыту барысында қандай да бір проблема болды ма?