Алматы мектептерінің бірінде соңғы үлгідегі робототехника сыныбы ашылды

Алматы мектептерінің бірінде соңғы үлгідегі робототехника сыныбы ашылды
Айтулы шараға «Сәби» қайырымдылық қорының жетекшісі Әсел Тасмағамбетова мен Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының №174 мектеп-гимназиясында робототехика сыныбы ашылды. Оқушылар соның арқасында бағдарлама жасау, электроника туралы білім алып, өз идеяларын жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтулы шараға «Сәби» қайырымдылық қорының жетекшісі Әсел Тасмағамбетова мен Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері және ұстаздар қатысып, білім алушыларға сәттілік тіледі.  

«Бұл жерде білім алып жатқан барлық бала қуануда. Сондықтан болашағымыз үшін жасалып жатқан осы игі істер өлшенбес, баға жетпес байлық деп ойлаймын», – деді қалалық №174 мектеп-гимназия директоры Арнагүл Мәлікова.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарай ашылған мұндай сынып өнертапқыштыққа ынтасы барларды алға жетелейді дейді оқушылар.

«Осы сыныптың арқасында қазіргі кезде қоғамда мықты, зерек, ақылды білімді тұлғалардың санының көбейері сөзсіз. Робототехника сыныбының ашылғанына барлық оқушының атынан алғысымызды білдіреміз», – дейді оқушы Әлішер Жақсыбеков.

Новости партнеров