Қазақстандықтар енді автобуста электронды билетпен жүре алады

instagram/@almaty_avtobustary
instagram/@almaty_avtobustary
Жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсете алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай қазақстандықтар автобустарда электронды билетпен қатынайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне осындай өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

4 қазанда қол қойылған бұйрықта көрсетілгендей, жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсете алады. Куәліктің түпнұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды саналады.  

«Автобусқа мінерде жолаушының билетте көрсетілген аты-жөні мен куәлігіндегі жазбасы тексеріледі. Халықаралық және қалааралық бағыттардағы автобустың жолақысы мен жүкақысы бұрынғыдай автобекеттер арқылы, сондай-ақ, жолаушыға қызмет көрсететін орындар мен ақпараттық жүйе арқылы қабылданады. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», – деді ҚР ИИДМ Көлік комитетінің басқарма жетекшісі Алмас Айсин.

Новости партнеров