Петропавлда физика пәнінің мұғалімі «MICROSOFT» корпорациясының алғыс хатымен марапатталды

Алғыс хатта ұстаздың Қазақстанның білім беру саласына қосып жүрген үлесі өлшеусіз деп жазылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда физика пәнінің мұғалімі «MICROSOFT» корпорациясының алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Данияр Уәлиев марапатқа қашықтықтан оқыту кезінде білім беру мекемелеріне «Microsoft Teams» қосымшасын пайдалануды үйреткені үшін ие болды. Алғыс хатта ұстаздың Қазақстанның білім беру саласына қосып жүрген үлесі өлшеусіз деп жазылған. Халықаралық тарапынан алғысқа Толығырақ әріптесім тарқатады.

Елде төтенше жағдай орнағалы, барлық білім мекемелері қашықтықтан оқытуға ауысты. Ұстаздың айтуынша, «Microsoft Teams» онлайн білім беру үшін тиімді және қауіпсіз. Назарбаев зияткерлік мектебі аталған бағдарламаны екі жылдан бері қолданып келеді. Ұстаз бірнеше жылда бұл жүйенің қыр-сырын жетік меңгерген. Microsoft Innovative Education Expert 2019-2020 сертификатының иегері, Алматы қаласындағы мектеп мұғалімдеріне қосымшаны пайдалануға үйреткенін айтады.

«Бүгінгі таңда қашықтан оқытуда барлық сабақтар кесте бойынша жүріп жатыр. Яғни, мұғалімдер уақытымен шығып, онлайн түрде сабақты беріп, осы бағдарлама арқылы үй тапсырмасын беріп, кері байланыс жасайды. Яғни осы бүкіл тәжірибені көрсеттім. Жалпы енді бағдарламаның тиімділігі ол ұстазға керекті бүкіл функциялар бір бағдарламада жиналған. Мен өзімнің дайындаған материалымды көрсете аламын, оқушылармен сөйлесе аламын, жаза аламын және тапсырма беріп кері байланыс жасаймын. Яғни, барлығы бір жерде, басқа ешқандай мессенджерлер керек емес. Және де қауіпсіздігі жоғары. Бұл жердегі ақпарат үшінші адамға тимейді», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Данияр УӘЛИЕВ.

Ұстаз әлемдік компаниялардың бірінен алғыс хат алғанына да, дегенмен керек уақытта әріптестеріне қолдау көрсетіп, тәжірибесімен бөліскеніне көбірек қуанатынын айтты.

«Бұл – әлемдік компания. Әлемдік компаниядан осындай жергілікті директоры көңілін бөліп айтып жатыр. Соған енді өз тарапымнан рахметімді айтамын. Мен енді жұмыс жасағанда, осы хатты аламын деп жасаған жоқпын. Тоқсан басталайын деп жатқанда,  қалай жұмыс жасаймыз деген проблема болды. Тез арада шешуге сұраныс келгенде өз келісімімді беріп,  соған қажетті заттарды дайындап шығардық. Яғни, ондай бір ойланатын уақыт болған жоқ», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Данияр УӘЛИЕВ.

Данияр Уәлиев –  СҚО-да «MICROSOFT» корпорациясынан алғыс хат алған алғашқы ұстаз. Қазір жас мұғалім сандық қосымшаларды қолдану бойынша «Нұр-Сұлтан» мектептеріне арналған вебинар өткізуді бастады.

Новости партнеров