|
19.08.2022 | 21:13
934

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арнайы грант бөлді

Қор есебінен оқитын студент 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арнайы грант бөлді Almaty.tv

«Қазақстан халқына» қорындағы қаражатты түйінді міндетті нақтылауға жұмсауымыз керек. Бұл туралы қаржыландырудың басым бағыттары туралы алқалы жиында қоғамдық қордың Басқарма төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Аtamekenim.kz сандық платформасына жұмыс істеп жатқан студенттерден, олардың ата-аналарынан 1500-ге жуық өтінім келіп түскен екен. Онда олар оқу ақысын төлеуге көмектесуді сұрайды. Дәл осындай өтінімдер «Қазақстан халқына» қорының білім гранты бағдарламасын іске қосуына негіз болыпты. Болат Жәмішевтің айтуынша, бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2350 грант бөлінеді. Қор есебінен оқитын студенттерге 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы белгіленген. 2 сағатқа созылған дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша әкімдікпен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

«Бүгінгі болған конференция көптеген сұрақтар қойылып жатыр. Біздің тұрғындар өздерінің көкейіндегі мәселелерге жауабын алды. Осының барлығы ұйымдастырушылық жұмысты талап етеді. Біз осы жағынан көмектесе береміз деп ойлаймын», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир