|
14.09.2022 | 17:18
6042

Алматы облысында балабақша ашылды

Ұзынағаш ауылындағы балабақша 150 балаға арналған

Алматы облысында балабақша ашылды Almaty.tv

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 150 балаға арналған балабақша ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мектепке дейінгі мекемеде балаларға арнап бар жағдайды жасаған. Тіпті бөбектердің денсаулығы үшін тұзды шахта да ашыпты. Логопед, психолог, музыкант сияқты мамандармен қоса 24 тәрбиеші жұмыспен қамтылған. Таеквондо, хареография секілді үйірмелер де бар. Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында әлеуметтік сала дамып келеді.

«Балабақшада бізде қазіргі заман талабына сай монтессоримен барлық топты дамытып, оқытып жатырмыз. Қолымыздан келгенше балаларға жақсы жағдай жасадық. Барлық ойын алаңы жаңартылды», – деді балабақша директоры Лаура Сәрсенбиева.

Балабақша 6 жылдан бері жалдамалы ғимаратта жұмыс істеп келген. Сапалы қызмет пен ел сенімінің арқасында мекеме кеңейіп, мемлекеттен қолдау тауып отыр. Жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы ата-аналар балаларын бөбекжайға қолжетімді бағамен беріп келеді.

«Осы жерде менің үш немерем тәрбиеленіп жатыр. Кішігірім ғана балабақша болатын. Енді биыл өте әдемі, көрнекті бақша. Балаларға қолайлы. Балабақшаға барарда қуана-қуана барады», – деді ата-ана Бораншы Нарбаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир