Үш ауысымды білім беретін мектептердің мәселесі қашан шешіледі
Almaty.tv
Елімізде 8 мың мектептің ішінде 106 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл үш ауысымды білім беретін 92 мектеп мәселесі шешіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Елімізде 8 мың мектептің ішінде 106 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. «Жайлы мектеп» және басқа да жаңа мектептер құрылысы арқылы биыл 92 мектеп мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. Былтыр дәл осындай 29 мектептің мәселесін шештік, келесі жылы үш ауысымды мектеп мәселесін түбегейлі шешуді көздеп отырмыз, - деді Оқу-ағарту министрі елордада өткен дәстүрлі Тамыз саммитінде.
Сонымен бірге министр бүгінде 2900-дан астам мектеп бір ауысымда жұмыс істейтінін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматыда 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталды
Дереккөз: ҚазАқпарат
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды
10.11.2026 10:00