Ата-ана мектеп формасын сатып аларда өндірушіні, сауда орталығын өзі таңдайды – Жомарт Карамбаев

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
1 сыныпқа оқушыларды қабылдау аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республика бойынша 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжаттарды қабылдау толық 4 ай яғни, бірінші сәуірден бірінші тамызға дейін өткізілді.

«Елімізде бірінші сыныпқа қабылдау аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық 4 ай яғни, бірінші сәуірден бірінші тамызға дейін өткізілді. Осы уақыт ішінде негізі 400 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Солардың ішінде 70 пайыздан астам балалар қазақ тілінде оқуды таңдап отыр. Өңірлер бойынша айтсақ қазақ тілінде оқитын бала саны Жамбыл, Маңғыстау, Ұлытау, Қызылордада көп. Елімізде құжаттарды қабылдау толық автоматтандырылған. Сондықтан ата-аналар дәстүрлі және онлайн форматта құжаттарды тапсыруға мүмкіндігі бар. 80 пайыздан астам құжат биыл электронды форматта келіп түсті. Жылдан жылға осы көрсеткіш өсіп келеді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев.

Алдағы оқу жылында мектеп формасына қатысты талаптар өзгермейді

«Алдағы оқу жылында мектеп формасына қатысты талаптар өзгермейді. Өткен жылдағыдай министрліктің 26-бұйрығына сәйкес сақталады. Бірақ, бұл жерде айтып кететін бірнеше мәселе бар. Ол ең біріншіден, ата-аналардың және мектеп әкімшілігінің назарына ескертетін жайт бар. Мектеп формасын жекеленген нақты бір өндірушіден сатып алуға жол берілмейді. Ата-аналар мектеп формасын сатып алуда өндірушіні, сауда орталығын өздері таңдайды. Сонымен қатар білім беру басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Осындай талаптар қойылады. Бұл әрине міндетті түрде мектеп әкімшілігінің білім беру басқармаларының бақылауында болады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев.

Новости партнеров