Референдумға дейін:
14
күн
13
сағат
16
минут

Мектептен қару ұрлаған жігітке қатысты сот үкімі шықты

Қылмыс былтыр Бұланды ауданының Макинск қаласында жасалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектептен қару ұрлаған жігіт сотталды. Білім ордасының мүлкін қолды қылған Ақмола облысының тұрғынына 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қылмыс былтыр Бұланды ауданының Макинск қаласында жасалған. Мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жергілікті тұрғын металл сейфтен оқу-жаттығуға арналған мылтықтарды қолды қылған. Күдікті кінәсін толық мойындады.

«Күдікті сейфтің есігін бұзып, оқу-жаттығуға арналған Калашников автоматын, екі Байкал пневматикалық мылтығын және бір пневматикалық мылтықты қолды қылған. Жалпы шығын көлемі үш жүз мың теңгеден асады», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Оқи отырыңыз: Жасөспірім сотталды: Ол алты жастағы қызды қорлаған

 

 

 

 

Новости партнеров