American Space & Makerspace: АҚШ-та білім алғысы келетін түлектер қай жерден кеңес ала алады

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталықтың тағы бір негізгі ерекшелігі – зерттеу аймағы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Америка Құрама Штаттарында оқығысы келетін алматылық түлектер мен студенттер тегін кеңес ала алады. Бұл мүмкіндікті Жамбыл атындағы қалалық кітапханада іске қосылған American Space & Makerspace мәдени білім беру ошағы ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық АҚШ елшілігі мен Бас консулдығының және жергілікті ұйымдардың серіктестігі негізінде ашылғанын айта кетейік. Онда талқылау клубтары мен ағылшын тілі курстары, сондай-ақ цифрлық және кәсіби дағдылар бойынша воркшоптар бар

«Негізі Алматыда мұндай америкалық бастамалардың жұмыс істеп тұрғанына 20 жылдай уақыт болды. Енді біз оны арнайы орталық ретінде ашып жатқанымызға қуаныштымыз. Бұл кеңістік өнер мен білімді, сондай-ақ түрлі технологияның басын біріктіреді. Мұндай жоба қазақстандық аудитория үшін пайдалы болады деп сенеміз», – деді Америка құрама штаттарының Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталықтың тағы бір негізгі ерекшелігі – зерттеу аймағы. Өйткені, онда 3Д үлгіде басып шығарумен, дизайн, робототехника, бағдарламалау, ғылыми зерттеулер және қолданбалы өнермен айналысуға мүмкіндік жасалған. Алдағы уақытта бұл білім беру ошағы тәжірибеден нақты іске көшіп, кейін белгілі бір жобаны жүзеге асыратын алаңға айналмақ.

 «Бұл үлкен рухани оқиға деп есептейміз. Сондықтан біз қуаныштымыз. Бұл –Америка мен Қазақстанның ортасындағы экономикалық байланыстан кейінгі биік шың. Енді сол биік шыңды біздің мәдениетімізге, әдебиетімізге қарай бұрып жатырмыз», – деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік бейімдеуге арналған алғашқы тігін және тоқыма шеберханасы ашылды

Новости партнеров