Астанадағы өрт: 12 адам құтқарылды

18.02.2026 16:30

Оның бесеуі бала

Астанада құтқарушылар өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның бесеуі бала. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктердің хабарлауынша, жетінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен жеке заттар отқа оранған. Өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, қызыл жалынды дер кезінде сөндіріп үлгерген.

«Астана қаласы, Алматы ауданы, Қошқарбаев даңғылы мекенжайы бойынша тұрғын үйдің 7-қабатында пәтердің жануы жайында хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіру барысында қою қара түтіннің құрсауында қалған адамдардың өз еркімен шығуы мүмкін болмады. Құтқарушылардың жедел іс әрекетінің арқасында 12 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. Өрт сөнді», - деді ТЖД Өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшісінің орынбасары Әділхан Болатов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында әйелін күштеп жындыханаға жатқызған азамат сотталды