Оған көмектескен екі досы сыбайлас ретінде танылып, әрқайсысы 8 жылдан жаза арқалады
Түркістан облысында әйелін күштеп жындыханаға жатқызған азамат 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған көмектескен екі досы сыбайлас ретінде танылып, әрқайсысы 8 жылдан жаза арқалады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, үш ер адам 34 жастағы Дияра Ибрагимованың қол-аяғын байлап, күштеп медициналық мекемеге жеткізген. Оқиға сәті диспансердің бейнебақылау камераларына жазылып қалған.
Айта кетейік, сотталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Кәмелет жасына толмаған перзенттері қазір әйелдің қарауында. Сот жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 11 миллион теңге төлеуді міндеттеді. Үкім заңды күшіне енгенге дейін екі тараптың да апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.
«Сотталушыларға жаза тағайындау барысында жеңілдететін мәнжай ретінде олардың отбасылық жағдайын, кәмілетке толмаған балаларының болуын, бұрын сотты болмағанын танып қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мәнжайларды анықтамады», - деді Түркістан қаласы ауданаралық сотының судьясы Санжар Қойшыманов.
Оқи отырыңыз: Жылу батареясына баласын байлап, ұрған әйелге қатысты сот шешім шығарды