Референдумға дейін:
11
күн
21
сағат
51
минут

14 жастағы мектеп оқушысы зорлаған: Ақтөбе облысында қылмыстық іс қозғалды

Ал күдікке ілінген азамат 25 жаста

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жантүршігерлік жайттың құрбаны – 14 жастағы мектеп оқушысы. Ал күдікке ілінген азамат 25 жаста. Қазір ер адам ұсталып, қамауға алынған. Аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процеске қатысушылардың барлығының сөздері зерделеніп, дәлелдер жинақталып, талдануда. Тергеу органдары істің мән-жайын мұқият анықтап жатыр. Толық және жан-жақты тексеруден кейін заңды және негізделген процессуалдық шешім қабылданады», – деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

 

Новости партнеров