Елімізде еңбек өтілін тіркеу цифрландырылады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Вице-министрдің мәлімдеуінше, 2027 жылдан бастап электронды еңбек кітапшаларына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда еңбек кітапшаларын қолданыстан шығарып, азаматтардың еңбек өтілін цифрлық форматта тіркеу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 

Оның сөзінше, мемлекеттік қызметтер цифрланып жатқандықтан, қағаз түріндегі еңбек кітапшасы өзектілігін жоғалтты.

"Біз қағаз түріндегі еңбек кітапшаларынан бас тартуды жоспарлап отырмыз. Ол өткен ғасырдың құжаты деп есептейміз. Жасанды интеллектіні дамыту дәуірінде еңбек кітапшалары тарих қойнауына кетуі тиіс", — деді Ербол Тұяқбаев.

Оның айтуынша, азаматтардың еңбек өтілі жөніндегі қажетті ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қазірдің өзінде бар. Ал жұмыс берушілердің деректері цифрландырылған.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, 2027 жылдан бастап электронды еңбек кітапшаларына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бірте-бірте қағаз түріндегі нұсқасы мүлде қолданыстан шығады.

"Адам еңбек кітапшасы қайда сақтаулы, жоғалып қалды ма, жоқ па, ол жөнінде ойланбауы керек. Ондағы деректердің барлығы жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттар секілді жүйеде сақталуы қажет", — деді ол.

Сонымен бірге еңбек кітапшасын цифрлық форматқа көшіру еңбек өтілін нақтылауды жедел әрі оңай қылады және азаматтардың мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеңілдетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 200 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды